• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 22:09:02
Алматы
+12°

Ақын, диссидент Арон Атабектің мүрдесі туыстарына берілді, деп хабарлайды Қамшы тілшісі.

Оппозиционер ақынның денесі кеше түннен бері Алматы қаласы Қалқаман ықшамауданындағы мәйітханада болған.

Ол жерде оған сот-медициналық сараптама жасалған. Алайда Арон Атабектің жақтастары мен қызы тәуелсіз сарапшылардың сараптамасына ғана сенетінін айтқан.

Белсенділер түрмеде болған соңғы бірнеше айда денсаулығы күрт нашарлап кеткен Арон Атабекті түрмеде улаған болуы мүмкін деген пікірде.

– Сап-сау, зіңгіттей адамның соңғы жеті айда нашарлай бастағаны күдік тудырады. Ол өзі маған орысшалап "здоров как бык" деп айтқан. Жаттығу жасап тұрғанын да өз аузынан естігем. Алайда ол 7 айдың ішінде әлсірей бастады. Бір күні таңертең тұрғанда "құлағым таскерең болып қалды", деді. Одан кейін екі қолы істемей қалуды шығарған. Сөйтіп 7 айдың ішінде концлагерьден шыққандай болып отыр. Шынын айтқанда бізге тірі өлік қылып жіберді, – дейді белсенді Мұратбек Есенғазы.

Белсенді Қыдырәлі Оразұлы facebook парақшасында "Арон Атабектің жанасазы 26 қараша сағат 10-00-де Алматы қаласы Алмаарасан экопостына жетпей оң жақта өтеді" деп жазды. Сөзінше, марқұм Бағанашылдағы зиратта жерленеді.

Ақын, диссидент, оппозиционер, Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, жуырда денсаулық жағдайына байланысты босатылған Арон Атабек кеше қайтыс болған.

Биыл 1 қазанда Павлодар соты 2006 жылғы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған Арон Атабектің қалған жаза мерзімін бостандығын шектеу жазасына ауыстырып, ақынды "денсаулық жағдайына байланысты" түрмеден шығарған. Ақын бұған қарсылық танытып, өзін толық ақтауды талап еткен.

5 қазан күні белсендінің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға шұғыл жеткізілген. Кейін Атабектің ауруханаға жатудан бас тартқаны белгілі болды. Артынша ол үйінде жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатқаны хабарланды.

Артынша Арон Атабектің денсаулығы нашарлап комаға түскені, жеке клиникада жатқаны хабарланған. Ұзамай беті бері қарағаны туралы ақпарат шыққан.

Арон Атабек 15 жылдан астам уақыт түрмеде отырды. Ол 2006 жылғы "Шаңырақ" оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған. Сот Атабекті "Шаңырақ" оқиғасы кезінде қаза тапқан полиция қызметкерінің өліміне айыпты деп таныған.

Кей белсенділер ақынның түрмеден босатылуын "билік Арон түрмеде өліп қалды деп жаман атты болмас үшін босатты" деп түсіндіреді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Арон Атабек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір