• USD 431.41

  • EUR 452.94

  • RUB 6.92

  • CNY 63.83

20 Мамыр, 04:36:31
Алматы
+14°

 

Шымкент қаласының Абай ауданында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы басталды. Жоспарға сәйкес, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері «ҚР Қызыл жарты ай қоғамы» қорының облыстық филиалы «Көмек» оңалту орталығында, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен отбасыларға арналған қайырымдылық іс-шарасын өткізілді.

Акцияның мақсаты – зорлық-зомбылықты ескерту және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайтуға бағытталған шаралар туралы таныстыру.

Зардап шеккен азаматшалармен жеке сұхбат жүргізіліп, жергілікті полиция инспекторлары заңгерлік-құқық жөнінде түсіндірсе, психолог мамандар тарапанына қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қалалық өкілдігінің тарапынан әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтарға азық-түлік себеттері табыс етілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір