30 Қараша, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Денсаулық сақтау министрлігі 29 қараша күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 654 адамнан коронавирус, 10 адамнан пневмония анықталған. 28 қарашада 18 адам коронавирустан, 9 адам пневмониядан көз жұмған.
30 қарашадағы мәлімет бойынша, 26 472 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 623 пациент стационарда, 20 849 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 376 адамның жағдайы ауыр, 119 пациенттің жағдайы өте ауыр, 53 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы ғана Қызыл" аймақта.
Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары "Сары" аймақта.
"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
30 қарашадағы мәлімет бойынша 8 721 768 адам вакцинаның I компонентін, 8 066 053 адам II компонентін салдырған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір