Бүгін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, бүгін «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралар жоспары аясында қаламызда ерекше балдардың дамуына түзету көмегін көрсететін «Аялы алақан» оңалту орталығы ашылды.

Аталған орталық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мекемесі ішінен ашылып отыр.

Мұнда кез келген баланың бірқалыпты және жан-жақты дамуына бағытталған қажеттінің бәрі бар. Орталықта стационар жағдайда 40-қа жуық балаға дейін қызмет көрсетеді. Айта кетсем, медициналық-әлеуметтік мекеме ем-шаралық, спорттық және өзге де қызмет көрсететін бөлмелермен жабдықталған. Демек, бұл нысан балалардың психологиялық және физикалық тұрғыдан қабілеттерін дамытуға арналған ем-дом шараларына мүмкіндік беретін оңалту орталығына айналғалы тұр.
Әр ерекше баланың дамуына түзету көмегін көрсететін мұнда арнайы мамандар жұмыс істейтін болады.Атап айтсақ, педагог-психолог, дефектолог, логопед және т.б.

Бүгінгі таңда өкінішке орай, Даун синдромына, аутизмге шалдыққан сәбилер қатары бар. Дегенмен, шетелдік ғалымдар кез келген синдроммен туылған баланы қалыпты өмірге бейімдеуге болатынын айтады. Туа сала тағдыр тауқыметін тартқан мұндай жеткіншектер ата-ана мен арнайы мамандардың көмегіне мұқтаж. Сол себепті, мұндай орталықтар балаларға көмек көмек көрсетіп, өсіп-дамуына септігін тигізетініне сенемін.

Ең бастысы, балаларымыз сырқамай, олардың жүздеріндегі күлкісін көрген әр бір ана бақытқа кенелсін!

Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір