• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:49:47
Алматы
+35°

Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

9 қараша, сейсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс бабымен Ақтөбе қаласын аралап шықты. Өңір басшысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған ғимаратын қарап шықты.
«Ғимарат 1978 жылы салынған. Жөндеу жұмыстары кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ғимараттардың қол жетімділігін қамтамасыз ететін ережелер мен нормалар ескерілді. Мәселен, көздері нашар көретіндер мен зағиптарға арналған жазбалар мен бедерлі белгілер орнатылды. Ең бастысы, енді келушілер «бір терезе» қағидасы бойынша барлық қызмет түрлерін ала алады»,- дейді басқарма басшысы Асланбек Шүиншалиев. Ол сондай-ақ, облыс бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен шамамен 49 ​ мыңдай адам қамтылғанын жеткізді. Жыл қорытындысы бойынша барлығы 53 мыңнан астам адамды қамту жоспарда бар. Жұмыс сапары «Рауан» тұрғын үй алабындағы 280 үйдің электр және су желілерінің құрылысын, жолдардың жөндеу жұмыстарын қараумен ​ ​ жалғасты. Жобалар биыл желтоқсан айында аяқталады. Айта кетейік, тұрғын үй алабындағы көшелер электр беретін желі қосылған соң жарықтандырылады.
Өңір басшысы жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп, тілектерін тыңдады.
«Мектеп тұрғызылды, көшелерге асфальт төселіп жатыр, жаяу жүргіншілер жолдары салынды. Сізге және осы жерде демалыссыз күні-түні еңбек еткендерге рахмет. Менің өтінішім де бар – автобустардың қозғалысын реттеп берсеңіз, аз жүреді, демалыс күндері адамдар аялдамада тоңып қалады. Сонымен қатар, аялдама павильоны мен көше жарығы да керек»,-дейді Күзенбай Хасенов ақсақал.
Оңдасын Оразалин: «Сіз өте өзекті мәселені көтеріп отырсыз. Халыққа қолайлы жағдай жасау – біздің негізгі міндетіміз. Әрине, мұның бәрі бір күнде шешілмейді, кішкене уақыт керек. Айтып өткеніміздей, бәрі қаржыға келіп тіреледі. Бұл «Рауан» мен басқа да тұрғын үй алаптарының аббаттандырылуының басы ғана. Жұмыстар жалғасатын болады»,- деп сендіріп, қала басшылығына ақсақал айтқан сұрақтар бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Осы айда «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабындағы гүл бағын абаттандыру бойынша негізгі жұмыстар аяқталмақ. Келесі жылы көгалдандырылады деп жоспарланып отыр.
Қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Жомарт Бақылкелдіұлы: «Жаяужолдар 95% аяқталды, сосын жарықтандыру және суару жүйелері, отырғыштар, қоқыс салғыштар мен балалар және воркаут алаңдары орнатылады.Гүл бағының ұзындығы шамамен 30 метр. Осылайша, жалпы алаңы 3 гектарды құрайтын болады.»,- деп есеп берді.
Облыс әкімі сондай-ақ, Ақтөбе қаласы аумағындағы беткі су бұру жүйесінің қондырғысымен танысып шықты. Жаңбыр мен қардың суын бұратын суағарлар 11 шағын ауданда, Сәңкібай батыр даңғылында, Маресьев пен Сәтпаев көшелерніің қиылысында, Қаратаев көшесінде салынып жатыр.
Осы айдың соңына дейін суды бұратын темірбетон науаларын, су жинайтын құдықтар мен резервуарлар орнату, суағарларды кәріз желілеріне қосу, сонымен қатар, металл және темірбетон қақпақтарын науаларға орнату қарастырылған.
Айта кетейік, суағарлар орнату жұмысы жарын Әуеқалашығында, Қарғалыда, Жаңақоныс ауылында, Батыс 2 шағын ауданында, сонымен қатар, Жармағамбетов, Ғ.Жұбанова, Гришин, Шәйкенов, Рысқұлов, Жиенбаев, Жазықов пен Тәжібаев көшелерінде жалғасатын болады.
Қала аралаудың соңы сулы-жасыл бульварды абаттандыру жұмыстарын қарап шығумен аяқталды. Жоба «Шаңырақ» алып құрылысы мен бульвардың кіре берісіндегі декоративті арканы, мінбенің қасбет бөлігін қалпына келтіруді, жаяужол тақталарын төсеуді және т.б. қарастырады.
Қаланы аралап шыққан өңір басшысы облыс орталығын әрі қарай дамытып, абаттандыруға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір