• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Желтоқсан, 19:00:53
Алматы
Ақтөбе облысында келесі жылдың жыл аяғына дейін суармалы жерлер алаңы қырық бір мың гектарға ұлғаяды. Бұл туралы «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалының директоры Әділжан Әлізақ хабарлады.
 
Ақтөбе облысында жыл сайын агроөнеркәсіп саласы кешенді дамып келеді. Өйткені кәсіпорында суармалы жерлер алаңын өсіруге арналған арнайы мемлекеттік бағдарламалар бар. Мәселен, 2017-2021 жылдарға арналған «Суармалы жерлерді қалпына келтіру» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 жылда суармалы жерлер алаңы артқан.
 
«2019-2020 жылдар аралығында кәсіпорынның қатысуымен Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесімен бағдарламамызды жүзеге асырдық. Осы ЕҚҚДБ арқылы 13 355 гектар жер қалпына келтіріліп, шаруа қожалықтарға пайдалануға берілді. Соңғы жылдары облыста егістік алқап көлемінің өсу қарқыны байқалады. Мәселен, былтыр 30226 гектар жерге суармалы жер болса, ал биыл 32000 гектарға өсті.»-, деді «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалының директоры Әділжан Әлізақ.
 
Сонымен қатар өткен жылы филиал суармалы суды жеткізу үшін шаруа қожалықтардың 4659,64 гектар жері бойынша келісім шартқа отырған. Ал биыл бұл көрсеткіш 5475,24 га көбейді. Аймақ шаруаларының басым көпшілігі мал азығын егумен айналысады. Содан болар, аталған алқап көлемінің 4212 гектар жеріне мал азығын дайындауға дән-дақылдар егілген. Келер жылы «Суармалы жерлерді қалпына келтіру» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, суармалы жерлердің алаңы 41 мың гектарға жетеді деп көзделуде.
 
Айта кету қажет, облыста вегетациялық маусым табысты аяқталды. Өңірде Қарғалы, Мартук, және Хромтау аудандарындары облыстың аграрлық сала бойынша ең маңызды аудандар болып табылады. Директордың сөзінше, биыл аталған аудандарда суармалы су тапшылығы болған жоқ.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір