Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин 23 қараша, сейсенбі күні тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры Оңғар Ақанмен кездесті.
Кездесу барысында 2021 жылы Ақтөбе облысында «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы аясында жүзеге асырылған ғылыми зерттеу кешендерінің қорытындысы, сонымен қатар, келер жылға арналған жоспарлар талқыланды.
Белгілі болғандай, «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы Ақтөбе облысында 2021-2024 жылдарға бекітілген Жол картасы аясында жүзеге асырылуда. Биыл Жол картасының 14 жобасы орындалып, бірегей жаңалықтар жасалды.
Мәселен, Мұғалжар ауданының аумағында сармат дәуіріндегі бірегей артефакттері бар қорым табылды.
«Жарынға жоспарымыз көп – Ақтөбе облысының аумағы орасан зор әрі тарихи ескерткіштерге толы. Біздің бастамаларымызға қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамыз»,- деді Оңғар Ақан облыс әкіміне.
Кездесуді түйіндеген облыс әкімі Оңдасын Оразалин жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, жергілікті атқарушы органдардың өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға және дәріптеуге жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратындарын айтты.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір