• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 14:38:40
Алматы
+35°

2022 жылы бір жолғы зейнетақы төлемін алудың жеткіліктілік шегі 1,8 есе көтеріледі. Бұл туралы Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорының ресми сайты хабарлады.

БЖЗҚ мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы күшіне енді. Заңға сәйкес, азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделудің ақысын төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығы беріледі.

Бұл құқықты зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен ең төменгі жеткілікті деңгей шегінен асатын және болашақта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемін алуға мүмкіндігі бар салымшылар пайдалана алады.

БЖЗҚ сайтының хабарлауынша, егер биыл 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, 2022 жылдан бастап ол 5 060 000 теңгеге дейін өседі.

2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері ұлғайтылғандықтан, атап айтқанда, ең төменгі жалақы мөлшері 2021 жылғы 42 500 теңгеден 2022 жылы 60 000 теңгеге дейін (немесе 41%) өсті.

Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры осыны ескеріп, 2022 жылға төмен жинақтық шек мөлшерін де көбейткен. 2022 жылдан бастап бұл мөлшер әр жас бойынша төмендегідей көлемде есептеледі:

2022 жылға есептелген жеткілікті шек:

  • 20 жас – 3 140 000 теңге,
  • 21 жас – 3 250 000 теңге,
  • 22 жас – 3 370 000 теңге,
  • 23 жас – 3 490 000 теңге,
  • 24 жас – 3 610 000 теңге,
  • 25 жас – 3 730 000 теңге,
  • 26 жас – 3 860 000 теңге,
  • 27 жас – 3 980 000 теңге,
  • 28 жас – 4 110 000 теңге,
  • 29 жас – 4 240 000 теңге,
  • 30 жас – 4 370 000 теңге,
  • 31 жас – 4 510 000 теңге,
  • 32 жас – 4 640 000 теңге,
  • 33 жас – 4 780 000 теңге,
  • 34 жас – 4 920 000 теңге,
  • 35 жас – 5 060 000 теңге,
  • 36 жас – 5 200 000 теңге,
  • 37 жас – 5 350 000 теңге,
  • 38 жас – 5 490 000 теңге,
  • 39 жас – 5 640 000 теңге,
  • 40 жас – 5 790 000 теңге,
  • 41 жас – 5 950 000 теңге,
  • 42 жас – 6 100 000 теңге,
  • 43 жас – 6 260 000 теңге,
  • 44 жас – 6 420 000 теңге,
  • 45 жас – 6 580 000 теңге,
  • 46 жас – 6 750 000 теңге,
  • 47 жас – 6 920 000 теңге,
  • 48 жас – 7 090 000 теңге,
  • 49 жас – 7 260 000 теңге,
  • 50 жас – 7 430 000 теңге,
  • 51 жас – 7 610 000 теңге,
  • 52 жас – 7 790 000 теңге,
  • 53 жас – 7 970 000 теңге,
  • 54 жас – 8 150 000 теңге,
  • 55 жас – 8 340 000 теңге,
  • 56 жас – 8 530 000 теңге,
  • 57 жас – 8 720 000 теңге,
  • 58 жас – 8 920 000 теңге,
  • 59–62 жас – 9 120 000 теңге.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Зейнетақы қоры

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір