• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:29:39
Алматы
+35°

Өткен тәулікте ПТР тест арқылы 632 адамнан коронавирус, 21 адамнан пневмония анықталған. 4 желтоқсанда 16 адам коронавирустан қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологиялық ахуал туралы күнделікті ақпараттық хабарламасында айтылды.

Қазақстанда 2020 жылғы 13 наурыздан бүгінгі күнге дейін ПТР тест арқылы 975 782 адам коронавирус жұқтырғаны анықталған. Оның ішінде 12 785 адам көз жұмған. 2020 жылғы 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сай, 82 976 адам пневмониямен ауырған. Оның ішінде 5163 адам өлген.
 
6 желтоқсандағы мәлімет бойынша 24 125 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 948 пациент стационарда, 19 177 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
 
Індетке шалдыққандардың арасында:
  • 359 адамның жағдайы ауыр,
  • 97 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 59 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес барлық өңір "қызыл" аймақтан шықты. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары "Сары" аймақта, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "Жасыл" аймақта.

6 желтоқсандағы мәлімет бойынша елде коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін 8 783 874 адам салдырған. Вакцинаның қос бірдей компоненті 8 182 339 адамға егілген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір