• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:05:32
Алматы
+35°

Белгілі тарихшы, академик, профессор, доктор Талас Омарбеков дүниеден өтті. Қаралы хабарды ғалым қызмет еткен ҚазҰУ оқытушысы Жандос Құмғанбаев жеткізді.

"ҚАРАЛЫ ХАБАР ..... Бүгінгі Қазақ тарихының төрінде отырған, есін білгелі Қазақ тарихының "Ақтаңдақ мәселелерін" зерттеген, сонысымен де сүбелі үлес қосып келе жатқан, бәрімізге де ардақты, сыйлы, "әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Қазақстан тарихы кафедрасын аяғынан тік тұрғызып, кадрлар дайындауда көп еңбек сіңірген, ҚР-ның тарихқа, тарихи санаға бағытталған Мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға бар интелектін, бар күшін арнап келе жатқан ғұлама ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА-ның құрметтің академигі Талас Омарбекұлы Омарбеков бақилық болды.
Иманы салауат болсын жан ағам..." делінген қаралы хабарда.

Талас Омарбеков 1948 жылы 29 мамырда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ақжар ауылында туған.

1971 жылы Қазақ педагогикалық институтын (Қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) бітірген.

Еңбек жолын Жуалы және Байзақ аудандарында орта мектепте мұғалім болып бастаған.

1980 – 2001 жылдары ҚазПИ-де, Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтында, "Ақиқат" журналында, Қазақ ұлттық университетінде ғылыми-педагогикалық, шығармашылық қызметпен айналысқан. 2001 жылдан ҚазҰУ-дегі ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі болған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Талас Омарбеков

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір