07 Желтоқсан, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
АҚШ 2022 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық түрде бойкот жариялады.
Ақ үй Қытайдағы адам құқықтарына қатысты алаңдаушылыққа байланысты ойындарға ресми делегация жіберілмейтінін айтты.
Бірақ АҚШ спортшылар жарысқа қатыса алатынын және үкіметтің толық қолдауына ие болатынын мәлім етті.
Ал Қытай тарапы бойкот жарияланған жағдайда "қатаң қарсы шараларды" қолданатынын мәлімдеді.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки дүйсенбіде бойкот жарияланатынын растаған.
"АҚШ-тың дипломатиялық немесе ресми өкілдігі ҚХР-дың [Қытай Халық Республикасының] Шыңжаңдағы адам құқықтарын өрескел бұзуы мен қатыгездігі жағдайында бұл ойындарды әдеттегідей бизнес ретінде қарастырады" деді ол.
Бұған дейін Вашингтонның Бейжің Олимипиадасына бойкот жарияламақ жоспары бар екені хабарланған.
Халықаралық ұйымдар және көптеген демократиялық елдер Қытайды "Шыңжаң автономиясында тұратын ұйғыр, қазақ сияқты мұсылман азшылықтарға геноцид жасады" деп айыптайды.
Сонымен қатар, соңғы уақытта Бейжіңнің Гонконгтағы саяси бостандықтарды басып-жаншу әрекетіне қатысты да шиеленіс күшейді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір