• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 09:20:31
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммы  Омикронның пайда болу ықтималдығын жоққа шығармады. Сондай-ақ ол аурудың ауыр ағымы жағдайында шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін екенін жеткізді.

– Қазіргі уақытта басты проблема – мониторинг болып отыр. Өйткені әзірге жаңа штамм зерттелмеген. Әлемде түрлі штамдар пайда болып жатқанын көріп отырсыздар. Бірінің орнын бірі алмастырып жатыр – Лямбда, одан кейін Eta-штаммы. Әр штаммға ерекше назар аударуға мәжбүрміз. Әр штаммның қалай тарайтынын алғаш пайда болған елдегі жағдайға қарап түсіну маңызы, – деді министр.

Цой жақында ғана Женевада болып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездескенін мәлім етті. Айтуынша, сол кезде штаммды зерттейтін жұмыс тобы құрылған.

– Ең бастысы, оның пандемияға айналмауы. Яғни, ел ішінде таралуын бақылауда ұстау маңызды. Мысалы, "Дельта" штаммы дүниежүзінде шамамен 80-90 пайыз таралған. Қай жерде пайда болса, ол үстем жағдайға ие болды. Қазір бүкіл әлем қауымдастығының міндеті – штаммның қаншалықты жұқпалы екенін, оның қалай әрекет ететінін, оның клиникалық көріністерін және адамдар үшін қаншалықты қауіпті екенін бақылау. Әзірге ондай сенімді деректер жоқ, тек жекелеген деректер бар, – деді ведомство басшысы.

Алексей Цой Қазақстанда вирустардың секвенирленуі – штаммның қай түріне жататынын, вирустардың қай түрі басым екенін анықтау үшін мониторинг жүргізіліп жатқанын атап өтті.

– Жақын арада біз нақты қорытындысын алып, айтамыз. Вирустың (омикрон - ред) бұл штаммы Қазақстанға келген күннің өзінде оның табиғатын, таралу тәсілін түсіну маңызды, – деді Алексей Цой.

Сондай-ақ ол Қазақстанда Омикрон штаммы пайда болған жағдайда жаңа шектеулер енгізіле ме деген сұраққа жауап берді.

– Бұл – вирустың вируленттілігіне байланысты. Егер вирус агрессивті болса, жағдай қиындайды. Содан кейін қосымша шектеулер енгізіледі. Емдеу негізінен бірдей. Анықталған елдерде ол басқа штаммдар сияқты емделеді. Сондықтан бұл жерде жүйе дайын, – деп түйіндеді ол.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алексей Цой омикрон

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір