• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:19:03
Алматы
+35°

Ұлыбритания мен АҚШ-тағы рохинджа босқындары Facebook-ті сотқа беріп, әлеуметтік желі алпауытын "бізге қарсы өшпенділік сөздердің таралуына жол берді" деп айыптады.

Олар "Facebook платформалары қудаланған азшылыққа қарсы зорлық-зомбылықты насихаттады" деп мәлімдеп, 150 миллиард доллардан астам өтемақы талап етуде.

2017 жылы буддистер басым Мьянмадағы әскери қуғын-сүргін кезінде шамамен 10 мың рохинджа мұсылманы қаза тапқан.

Facebook айыптауларға бірден жауап бермеді.

Компания "өшпенділік пен қауіпті жалған ақпараттың жылдар бойы таралуына мүмкіндік берді" деп айыпталуда.

Біріккен Корольдікте босқындарды қорғайтын заң фирмасы Facebook-ке хат жазды. "Facebook алгоритмдері рохинджа халқына қарсы өшпенділік сөздерді күшейтті", "Компания рохинджаларға қарсы зорлық-зомбылыққа шақырған жазбаларды өшіре алмады немесе аккаунттарды өшіре алмады", "Қайырымдылық ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының ескертулеріне қарамастан, компания тиісті және уақытылы шара қолдана алмады" деген сияқты уәждер келтірілген.

Facebook 2018 жылы да зорлық-зомбылық пен өшпенділік тудырудың алдын алу үшін жеткілікті әрекет жасамағанын мойындаған.

Сонымен қатар Facebook платформасы адам құқықтарын бұзу әрекеттерінің таралуына қолайлы орта жасағаны туралы тәуелсіз баяндама жасады.

Рохинджалар Мьянмадағы заңсыз мигранттар ретінде қарастырылады. Олар ондаған жылдар бойы үкімет пен қоғам тарапынан кемсітушілікке ұшырады.

2017 жылы рохинджа содырлары полиция бекеттеріне қанды шабуыл жасағаннан кейін Мьянма әскерилері Ракхайн штатында зорлық-зомбылық шараларын бастаған.

Мұндай шабуыл кезінде мыңдаған адам қаза тауып, 700 мыңнан астам рохинджа көршілес Бангладешке қашқан. Сондай-ақ қақтығыс барысында адам құқықтарының бұзылғаны, оның ішінде адамдарды өлтіру, зорлау және өртеу сияқты фактілер кеңінен тараған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Facebook

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір