• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:02:22
+35°

Қытай 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына АҚШ-тың жоспарланған дипломатиялық бойкотын айыптап, оған жауап қайтаратынын мәлімдеді.

Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзян Қытай "қатаң қарсы шаралар" қабылдайтынын айтты.

Дүйсенбіде АҚШ Қытайдағы адам құқықтарына қатысты алаңдаушылыққа байланысты Бейжіңге дипломаттарын жібермейтінін мәлімдеген.

Чжао АҚШ спортшылары ойындарға бара алатынын және оларға толықтай мемлекеттік қолдау көрсетілетінін айтты.

Сейсенбі күні БАҚ брифингінде Чжао АҚШ-ты "спорттағы саяси бейтараптықты" бұзды деп айыптап, ұсынылған бойкот "өтірік пен қауесеттерге негізделген" деді.

Бұл жағдай екі ел арасында шиеленіс күшейгенінің тағы көрінісі. АҚШ Қытайды Шыңжаңдағы қазақ, ұйғыр сияқты азшылықты қуғын-сүргінге ұшыратып, геноцид жасады деп айыптайды. Ал Қытай бұл айыптауды үзілді-кесілді жоққа шығарып жүр.

Олимпиада ойындарына әдетте АҚШ пен басқа елдердің жоғары деңгейдегі үкімет өкілдері қатысады. Осы жылдың басында АҚШ бірінші ханымы Джил Байден Токиода өткен жазғы Олимпиадада АҚШ делегациясын басқарған.

Бірақ дүйсенбіде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки АҚШ Бейжіңде өтетін Олимпиадада олай істемейтінін айтты. Ол 2022 жылғы ойындарға ресми делегацияны жібермеу арқылы Бейжіңге "нақты месседжді" ұғындыруға тырысады.

Қытайдың Weibo әлеуметтік медиа платформасында сейсенбі күні таңертең "АҚШ-тың Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялауы" деген сөз бойынша іздеу тақырыбына цензураға салынды.

BBC ақпаратынша, Қытай мемлекеттік "Global Times" басылымы жариялаған хабарламаның астындағы пікірлердің көпшілігі де жойылып, 1500-ге жуық пікірдің тек сегізі ғана қалған.

Бұған дейін Вашингтон Бейжің Олимипиадасына бойкот жариялағаны хабарланды.

Ал оның алдында АҚШ президенті Джо Байден алдыңғы айда Қытайда өтетін спорт ойындарына бойкот жариялау жоспары бар екенін мәлімдеген.

Халықаралық ұйымдар және көптеген демократиялық елдер Қытайды "Шыңжаң автономиясында тұратын ұйғыр, қазақ сияқты мұсылман азшылықтарына геноцид жасады" деп айыптайды.

Сонымен қатар, Бейжіңнің Гонконгтағы саяси бостандықтарды басып-жаншу әрекетіне қатысты да шиеленіс күшейді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Қытай Олимпиада

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір