07 Желтоқсан, 2021 NEWS
Фото: Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегін берілмегені туралы немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту туралы мәлімдеген Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында «Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы өткізіле бастады. Бұл туралы « Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.
Мемлекет басшысының өзін-өзі реттеу, қоғамдық бақылау тетіктерін мораторий қолдану кезеңінде жандандыру туралы тапсырмаларына сәйкес Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау-касса машинасының фискалдық түбертектерін бермеу не төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілерін анықтау үшін 2021 жылғы 20 қазаннан бастап «Азаматтық бақылау-түбіртекті талап ет» акциясының қайта басталды.
«Азаматтық бақылау - түбіртекті талап ет» акциясына кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен қарастырылатын болады.
«Фискалдық түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (жеке табыс салығы шегеріле отырып 1000 теңге) алуға болады», дейді Қаратал ауданы бойынша МКБ салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы- Жанар Нигматуллина.
Чек берілмеген жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 284-бабына сәйкес "бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін бұзу" ҚР заңнамасын бұзған салық төлеушілерге қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.
Айта кетейік, Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департментіне 2021 жылдың басынан 69 шағым түсірілді.
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге, заңды бұзушыларға бей-жай қарамауға және «Азаматтық бақылау - түбіртекті талап ет» акциясына белсенді қатысуға шақырады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір