• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:44:54
Алматы
+35°

Фото: Маңғыстаудың баспасөз қызметі

2007 жылы Елбасы – Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың жарлығымен Маңғыстауда жаңа – Мұнайлы ауданы құрылғаны белгілі. Бұл – тәуелсіздік алғаннан кейінгі елімізде құрылған алғашқы аудан болды. Алғашқы кезде аудан халқының саны 53 мың болса, қазір Мұнайлыда 174 мыңнан астам адам тұрады. Өңірдегі ең ірі және халық тығыз орналасқан аудандардың бірі де қазір осы аудан.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Мұнайлы ауданындағы педагогтар саны 7 есеге артқан. Мәселен аудан құрылған 2007 жылы 374 мұғалім ғана болса, бүгінгі таңда олардың саны 2890-ға жетіп отыр. Аудан құрылған 14 жыл ішінде аудандағы мектептер саны 5 есе өсті. Қазір аудан мұғалімдерінің 80 пайызы жоғары білімді. Сондай-ақ тәуелсіздік алған жылдар ішінде 1554 мұғалім «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы тағайындалса, 627 мұғалім бюджеттік несие алған.

Фото: Маңғыстаудың баспасөз қызметі

Сонымен қатар Тәуелсіздік жылдарында Мұнайлы ауданында 80 балабақша ашылды. Мұнайлы ауданы құрылған 2007 жылы мұнда жалғыз мемлекеттік балабақша жұмыс істесе, қазір 68 жеке меншік, 10 мемлекеттік балабақша бар. Жыл өткен сайын балабақшадағы тәрбие жұмыстарының да сапасы артып келеді. Күні кеше Баянды ауылыныңдағы «Ботақан» балабақшасында балалардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамытатын «Монтессори» кабинеті ашылды.

«Бұл италиялық ғалым Мария Мантессоридың тұжырымдасымен дайындалған кабинет. Біздің балабақшада 140 бала болса, соның екеуі ерекше білімді қажет етеді. Бірақ мұнда кез келген бала келіп, уақыт өткізе алады. 2 тәрбиешінің біліктілігін арттырып, осы кабинетте жұмыс жүргізуге әдейі дайындадық», - деді балабақша меңгерушісі Гүлмайса Амангелдіқызы.

Егемендік алған жылдар ішінде Мұнайлыда шағын кәсіпкерлік субъектісі 88 пайызға артқан. Соның негізінде 10 732 адам жұмыспен қамтылған. Аудан кәсіпкерлері жалпы нарыққа темір бетон плиталарын, қиыршық тас және асфальт, пенопласттан бастап, сүт, ұн, ет және шұжық өнімдерін, көкөністер ұсынуда.

Соның бірі 2018 жылы құрылған Маңғыстау ауылындағы «Айсар Строй Ақтау» ЖШС. Компания құрылысшыларға бетон және газаблог өндірумен айналысады.

«Біз жылына 20 мың текше метр бетон және 5 мың текше метр газаблог өндіреміз. Келер жылдан бастап үйдің сыртын қаптайтын плиталарды да шығаруды жоспарлап отырмыз. Қазір өңірдегі бірқатар ірі құрылыс компанияларымен берік әріптестік қарым қатынас орнаттық. 30 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Алдағы жылы қызметшілер санын арттыруды ойлап отырмыз», - деді учаске бастығы Ержігіт Әбді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Маңғыстау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір