• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:55:57
Алматы
+35°

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Түпқараған ауданы, Баутин ауылына қарасты Аташ елді-мекенінде «АташФишПром» ЖШС-нің балық өңдеу цехы іске қосылды, деп хабарлайды Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Балық

Балық

Жоба құны 83 млн. теңге. Қуаттылығы жылына 292,8 тоннаны құрайтын кәсіпорында балықтан филе, фарш, ысталған және консервіленген балық шығарылатын болады. Балық

Кәсіпорынның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров пен аудан ардагерлері және зиялы қауым өкілдері қатысты. Бекбол Орынбасаров тұрғындарды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, аймақтағы балық өнеркәсібінің маңыздылығына тоқталып өтті. Балық

- Облыс басшысының тапсырмасы бойынша алдымызда өңірде өндірілетін азық-түлік тауарларының көлемін арттыру міндеті тұр. Оның ішінде ет және балық өнімдерін өндіру ісін қолға алуымыз тиіс. Осы орайда, Түпқараған ауданы кәсіпкерлерінің еңбегін атап өткен жөн. Тұрғындарды жергілікті өніммен қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын құруда жаңадан ашылған кәсіпорынның маңызы зор, - деді Бекбол Орынбасаров. Балық

Цехтың техникалық директоры Амалбек Төлеумағанбетовтің айтуынша, балық қалдықтарынан өндірістік ұн шығарыла бастады. Бұл ұнды құс, мал азығына және егіншілікке тыңайтқыш есебінде пайдалануға болады. Жоба толық іске қосылғанда 15 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Балық

- Күніне 2 тоннаға дейін балық қалдықтарынан ұн шығаратын құрылғымызды орнатып, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазір бір күнде 1 тоннаға дейін балық ұнын, жарты тоннаға дейін құрама азық шығарып жатырмыз. Сұраныс бар. Бұл Қазақстандағы осындай жалғыз цех болғандықтан Ресейден де, еліміздің өзге өңірлерінен сұраныстар түсуде, - деді Амалбек Төлеумағанбетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір