• USD 431.41

  • EUR 452.94

  • RUB 6.92

  • CNY 63.83

20 Мамыр, 04:58:28
Алматы
+14°

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 160 орындық дене шынықтыру – сауықтыру спорт кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.  Кешені

Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне облыстық спорт басқармасының басшысы Қ.Жұмабаев, ауыл ақсақалдары мен жас спортшылар қатысты. 

Спорт кешені

Аталған спорт кешенінде футбол, волейбол, баскетбол, қазақша күрес, дзюдо, бокс, гимнастика сынды спорттың 11 түрінен үйірме ашылды. Онда 22 кәсіби жаттықтырушы қызмет ететін болады. 

Спорт кешені

Айта кетсек, Түпқараған ауданы халқының спортпен айналысуы 2021 жылы 31,8%-ды құрап отыр. Халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз ету 31,5 %-ды құрайды. Соңғы 5 жылда 2 спорт кешені қолданысқа беріліп, қазіргі таңда бюджет есебінен тағы бір спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. 

Спорт кешені

Бүгінде Түпқараған ауданында 15 спорт алаңы, 2 тир орталығы, 11 спорт зал, 5 көше тренажерлары, 4 спорт кешені бар. Форт-Шевченко қаласында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Ақшұқыр ауылы филиалы, Таушық ауылы спорт кешені, «Сүлеймен» спорт кешені салауатты жас ұрпақты тәрбиелеуде. Спорт кешені

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір