22 Желтоқсан, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Парламент мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына байланысты депутаттық сауал жолдады.
Депутат мерейтойға байланысты үкімет комиссия құрып, жұмыс жоспарын жасағанына қарамастан, Ахмет Байтұрсынұлын ұлықтау мақсатында жасалуға тиіс шаралар жеткілікті деп санайды.
Қазбек Иса қайраткердің туған жері Қостанай қаласындағы әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының атын беру керектігін, барлық облыс орталықтарында ескерткіш қойып, Түркияда Анкарада, Ресейде Орынборда, Өзбекстанда Ташкентте, Әзірбайжанда Бакуде ескерткіштерін орнатуға қол жеткізу керектігін айтады.
Депутат Ақжол фракциясының атынан төмендегідей ұсыныстар білдірген.
1. Ахмет Байтұрсынұлының туған ауданы мен ауылын жандандыру үшін туған жерінде мемориалдық кешен салу керек.
2. Ахмет Байтұрсынұлының туған ауылына жол салынуы керек.
3. Ахаңдай ұлы тұлғаны дүниеге сыйлаған Байтұрсын бабамыздың қараусыз қалған, аянышты күйдегі қабірі мен қорымын қолға алу керек.
4. Қостанайдағы әуежайға Ахмет Байтұрсынұлы атын беру керек.
5. Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ ұлттық статус беріліп, штат саны шешіліп, МЕМЛЕКЕТ қамқорлығына алынуы керек.
6. Осы музей-үй жанындағы жер теліміне АЛАШ ҮЙІ ғимаратын салу, Алаш Арыстары мұрасын кешенді зерттеу орталығын ұйымдастыру;
7. Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы саябағына (1998 ж) тарихи тұлғаның ЕҢСЕЛІ ескерткішін қою;
8. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына айрықша статус, қаржылық қолдау қажет.
9. Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ ғимаратының алдына ғалымның ескерткішін орнату.
10. Келесі жыл – ЮНЕСКО бойынша Ахмет Байтұрсынұлы жылы болғандықтан, тіл атасы құрметіне елімізде келесі 2022 жыл – Мемлекеттік тіл жыл болуы тиіс.
11. Астанамыз бен барлық облыс орталықтарында Ахаңның ескерткіші тұруы тиіс! Ресейде Орынборда, Анкарада, Ташкентте, Бакуде ескерткіштерін орнату керек.
12. Еліміздің астанасында Ахаң атындағы көп салалы мәдени-танымдық орталық ашылуы тиіс.
13. Ахаңның асыл мұраларын Түркі әлеміне насихаттау жұмысы жолға қойылуы керек.
14. "Қазақ" газетінің 7 томдығын, "Айқап" журналының 5 томдығын, "Сарыарқа" газетінің 1 томдығын шығару керек.
15. Тіл білімі институты астындағы "Марка" гей-клубы, "Барвиха" түнгі клубтарын жабу керек.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір