• USD 431.41

  • EUR 452.94

  • RUB 6.92

  • CNY 63.83

20 Мамыр, 04:30:41
Алматы
+14°
Ресей мен Украина ресми Киевтің шығысында оқ атуды тоқтату туралы 2020 жылғы келісімді қайта жандандыруға келісті. Украина президенті әкімшілігінің басшысы Андрей Ермак келісім нәтижесінде алдағы мерекелер "тыныш өтуге тиіс" екенін мәлім етті, деп жазады ВВС.
 
Ермак еуропалық қауіпсіздік ұйымы ОБСЕ-нің дәнекелгіміген қол жеткізілген келісімді аймақтағы шиеленісті шешудегі қадам ретінде сипаттайды.
 
Батыс пен Украина Ресей Украинамен шекараға 100 мың жауынгерін орналастырып қойғанын мәлім етті.
 
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин "Батыстың агрессиясы жалғаса берсе, адекватты түрде әскери-техникалық жауап шаралары болатынын" ескерткен. Алайда бейсенбіде мұндай қадамға баруға құлықты еместігін айтып, келер айда Женевада өтетін АҚШ-пен келіссөзге үміт артатынын жеткізген.

Бұдан бөлек Ресейдің өзге де ресми тұлғалары Украинаға басып кіру әрекеттерін жоққа шығарады. Алайда Мәскеу қорғаныс министрі бейсенбі-жұма күндері Украина шекарасы маңында әскери жаттығу өткізетінін мәлім еткен. Сондай-ақ Путин НАТО-ны Шығыс Еуропадағы әскери қимылдарды тоқтатуды талап етіп, Украинаның батыс қорғаныс альянсына қосылуға жол бермейтінін мәлім еткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір