• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:34:17
Алматы
+35°

Француз Гвианасының Куру ғарыш айлағынан құны 10 миллиард долларлық Джеймс Уэбб телескобы "Ariane" зымыраны арқылы аспанға көтерілді.

Оның Орбитаға жетуі жарты сағатқа созылды. Кенияның Малиндиіндегі антенна нәтиже сәтті болғанын растады.

Аполлон Айға қону миссиясы сәулетшілерінің бірінің атымен аталған Уэбб телескобын Хаббл телескобының мұрагері деп айтуға болады.

Алайда АҚШ, Еуропа және Канада ғарыш агенттіктерімен жұмыс істейтін инженерлер жаңа телескопты Хабблдан 100 есе қуатты етіп жасаған.

Соңғы 30 жыл ішінде бүкіл әлем бойынша мыңдаған адам жобамен жұмыс істеді.

Жаңа телескопты ұшырудағы негізгі мақсат – 13,5 миллиард жылдан астам уақыт бұрын Үлкен жарылыстан кейін көп ұзамай ғарышта пайда болған алғашқы жұлдыздар дәуірін зерттеу.

Алғашқы жұлдыздардағы ядролық реакциялардың нәтижесінде тіршілікке қажетті ең алғашқы ауыр атомдар – көміртегі, азот, оттегі, фосфор және күкірт пайда болған.

Уэбб телескобының тағы бір басты мақсаты – алыстағы планеталардың атмосферасын зерттеу. Бұл өзге ғаламшарларда өмір сүруге болатын-болмайтынын анықтауға көмектеседі.

"Біз астрофизиканың мүлде жаңа режиміне, жаңа дәуірге енетін боламыз" деді астроном және миссияға жауапты ғалым Хайди Хаммел. Сонымен қатар ол Уэбб телескобы "тарихи миссия" орындауға кетіп бара жатқанын атады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Джеймс Уэбб телескоп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір