27 Желтоқсан, 2021 NEWS
фото: inbusiness.kz
Қазгидромет 28-30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің хабарлауынша, елдің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына солтүстік-батыс циклон әсер етеді. Салдарынан қар жауып, боран соғып, жел күшейеді.
Суық ауа массалары әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ауа райы құбылмалы болады.
"Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 25-32 градус аязға дейін, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 10-18 градусқа дейін төмендейді" делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір