• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:37:21
Алматы
+35°

Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері М.К.Арыспаев карантин шараларына өзгерістер енгізді.

Қаулыға сәйкес:

  • "Ashyq" жобасына қатыспайытын объектілерде ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға тыйым салынады;
  • жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды дәстүрлі форматта өткізуге рұқсат беріледі;
  • 2021-2022 оқу жылы барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында сабақ штаттық форматта карантин талаптарын сақтай отырып оқытылады;
  • COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өтпеген қызметкерлердің жұмысы шектеледі; 
  • Қоғамдық көліктер карантин талаптарын сақтай отырып жұмыс істейді;
  • 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен кетпеуге кеңес беріледі;

  • жерлеу шараларын өткізген кезде кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақталуы керек. Оған 20-дан көп адамның жиналуына тыйым салынады.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір