• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 20:52:48
Алматы
+35°

Қысқы конкурс қорытындысы бойынша магистратураға білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Мемлекеттік гранттарды 945 қазақстандық жеңіп алды. Оның ішінде ғылыми-педагогикалық магистратураға 837 адам, бейіндік магистратураға 108 адам оқуға түсті. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Министрлік мәліметінше, үміткерлердің арасында "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" сынды бағыттар сұранысқа ие болды.

Биыл министрлік магистратура мен докторантураға гранттар беру үшін конкурсты екі рет дәстүрлі түрде жазда және алғаш рет қосымша қыста ұйымдастырды. Осылайша, түрлі себептерге байланысты магистратураға түсе алмаған үміткерлер білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға екінші мүмкіндік алды.

Барлық грант иегерлері 10 қаңтарға дейін құжаттарын университеттердің виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы тапсыруы тиіс. Оқу жоғары оқу орындарының академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады.

Министрлік іріктеу сапасын жақсарту үшін ақылы бөлімге магистратураға түсу үшін шекті балл көтерілгенін, атап өтті. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, бейінді магистратураға түсу үшін 50 балды құрайды.

Грант иегерлерінің толық тізімін мына жерден көруге болады

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір