30 Желтоқсан, 2021 Мәдениет
Фото: Ақын Ардақ Амалбектің жеке мұрағатынан
Поэзия-жанға ләззат сыйлайтын іші сұлулық пен жылулыққа тұнып тұрған әдемі де қазыналы сандық іспетті. Бағзыдағы бабалар заманынан жалғасқан ұлтымыздың өлең өнері қазақ руханият әлемінің өз киесін баяғыда-ақ дәлелдегені ақиқат.
Қазіргі жастардың поэзияға деген ықыласы мен ынтасы көңіл қуантады. Бұл әке құтымен, ана сүтімен қанға сіңген асыл қасиет болса керек.
Биылғы жылдың 24 желоқсан күні Алматы қаласында ақылына көркі сай Амалбек Ардақ Мақсатқызының «Жан дүниеңмен жарқыра» атты поэзия кеші өтті. Осы шараға қолдау көрсеткен жалынды жастардың, дарынды жастардың өнеріне алтын көпір болып жүрген «Өзгеріс өнер кеңістігінде» деп аталатын рухани орталық екен. Бұл кеште М.Мақатаев, Ұ.Есдәулет, Н.Бекұлы, М.Төребек...сынды атақты ақындардың өлеңдері оқылды. Ардақтың поэзияны ерекше мәнермен оқығаны, сондай-ақ нәзік дауысының әдемі екпін бояуы кәсіби, майталман дикторлардан бір кем емес.
ХХІ ғасырдағы интернет дәуірі қанша қарыштап дамыды десек те ұлтымыздың өлең өнеріне деген құштарлықтың биік деңгейін ағылып келіп жатқан бозбалалар мен бойжеткендердің қатарының көптігі қуаныш сезіміне бөлейді. Әуелі іңгәләған нәрестелердің тәтті үні де естіліп қалады. Бұл кеште біз театр әлеміне келіп қалғандай болдық.
Ордалы Оңтүстіктің Арыс қаласында 1998 жылдың 20 желтоқсанында дүние есігін ашқан Амалбек Ардақ Мақсатқызының сонау балаң шақтан Хәкім Абай өлеңдерін, Оралхан Бөкей...секілді көптеген саңлақ қаламгерлердің шығармашылығымен сусындап өсіпті. Аудандық, қалалық, республикалық жарыстарға қатысып жүлдемен оралған сәттері аз емес. Осы кештен көрермендердің көзайым болып рухани байып қайтқанына біз де куә болдық. Өмірде де, өнерде де жолың болсын, Ардақ қыз!
Шуақ Қайратқызы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір