• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:05:16
Алматы
+35°

Қазақстан Республика президенті
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа
ҮНДЕУ

Президенті Тоқаев мырза!

«Қазақ елі» медиасы арқылы Маңғыстау әуежайына әскери қарулы күштер келіп жатыр деген қорқынышты ақпарат жетті. Жергілікті халық жолдарды жауып тастапты.

Тоқаев мырза, бейбіт шеруге шыққан азаматтарға қарсы қарулы күштері пайдалануға бармаңыз! Бұрынғы биліктің қатесін қайталамаңыз! Қазақ тарихында қарабет болып қалуыңыз әбден мүмкін. Азаматтардың талабы орынды! Сауатсыз экономикалық саясат жүгізетін үкіметіңіз жоқ.

Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне де айтарым бар.

Сендер – қазақтың жігіттерісіңдер, тіліміз бір, дініміз бір, жеріміз бір. Батыстағы ағайындарға қарсы оқ атушы болмаңдар, бауырларыңа қол көтеруге бармаңдар! Ана ретінде айтамын. Сендердің де балаларың, іні-бауырларың бар, әке-шешелерің, қарт ата-әжелерің бар. Беттеріне қалай қарайсыңдар, «мен іс сапарға барып келдім, адам өлтірдім, ұр деді – ұрдым, соқ деді – соқтым, бұйрық орындадым» дейсіңдер ме? Қантөгіске бармаңдар, өтінемін! Алланың қарғысы мен халықтың қарғысынан құтылған жан жоқ. Оны тарихтан білесіздер.

Алла жазса, бұл билік кетеді, сендер қаласыңдар. Олар сендерді қазір қолшоқпар ретінде пайдаланып отыр. Жұрттың бетіне қалай қарайсыңдар?! Қарулы күштер, полиция, Ұлттық гвардияда қызмет етті деген тізімдерге халықтың қолы жетпейді деп ойламаңдар. Халықтың соты болады. Азаматтық қоғамында күні бүгін халқына азап көрсеткен судьялар, прокурорлар, полицейлердің, әскери қызметкерлердің тізімі жоқ емес – бар. Ол тізім күн сайын толығуда.

2011 жылы Жаңа Өзең оқиғасы бойынша көп журналисттік тергеу өтті, азаматтарға жазықсыз оқ атқандар, соттағандар, зорлық зомбылық көрсеткен лауазымды адамдардың тізімі мен дәлелдері де бар. Халық сотымен соттаймыз! Дүние кезек!

Ботагөз ИСА,
«Dongelek Ystel» Азаматтық Қоғам Коалицияның үйлестіруші

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жаңаөзен

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір