• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:37:32
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша үкіметтік комиссия мүшелері Маңғыстаудағы белсенділермен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Primeminister.kz хабарлады.

"Үкіметтік комиссия сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап еткен бастамашыл топпен кездесу өткізіп жатыр. Жиынға қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті сақтай отырып, жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылап жатыр", делінген хабарламада.

Еске салайық, Маңғыстау облысы Жаңаөзен, Ақтау қалаларында автомобильге арналған сұйытылған газдың қымбаттауына байланысты тұрғындар 3 күн қатарынан наразылыққа шығып жатыр.

Үкімет газ бағасын кәсіпкерлер есебінен 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін түсіруге әзір екенін мәлім етті. Алайда тұрғындар газ бағасы бұрынғыдай 50 теңге келгенін қалайды.

Митингте "үкімет отставкаға кетсін" деген талаптар да айтылып жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Маңғыстау Жаңаөзен

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір