• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:49:27
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наразылық білдірушілерді деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырды. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды. 

"Үкімет өз өкілеттігінің аясында елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының әр литрін 50 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады", "Демонстранттарды еліміздің тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырамын. Басқа да әлеуметтік-экономикалық талаптар ертеңгі елордада өтетін кеңес барысында жеке қарастырылады", деп жазды президент. 

Еске салайық, бірер сағат бұрын Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Ақтауда алаңға жиналған халыққа комиссияның шешімін жариялады. Ол газ бағасы литріне 50 теңгеге дейін төмендейтінін мәлімдеді. Бұл "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады.

Сондай-ақ алаңда болған адамдарды жауапкершілікке тартпау туралы кепілдік берілді.

Тараптар туындайтын барлық мәселені сындарлы диалог арқылы және қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуге уағдаласқаны хабарланды.

5 қаңтар Қ.Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселеге қатысты жиын өткізеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Маңғыстау Жаңаөзен

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір