• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

25 Мамыр, 23:08:57
Алматы
+19°

Ақтөбеде де газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандайды. Бұл туралы қала әкімдігі өз Instagram және Facebook парақшаларында хабарлады.

"Ақтөбеліктердің митинг кезінде қойған екі талабы да орындалды. Бүгін Ақтөбеде бейбіт түрде митингке келгендер жергілікті атқарушы органнан екі мәселені талап етті. Біріншісі - митинг барысында қамауға алынғандарды босату. Бұл талап орындалды - ұсталғандар босатылды. Екіншісі - сұйылтылған газ бағасын төмендету. Бұл талап та орындалды - сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендетілді",  делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Бұған дейін, Маңғыстау облысының Жаңаөзен және Ақтау қалаларындағы митингтен кейін Үкімет комиссиясы сұйытылған газ бағасының литрін 50 теңгеге дейін төмендеткен болатын.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе Жаңаөзен

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір