• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:27:06
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде қалыптасқан жағдайға байланысты  қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады. Видеоны оның баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook  парақшасына жариялады.

"Құрметті отандастар, қадірлі ағайын! Баршаларыңызға тағы да айтарым, іштен және сырттан болған сан түрлі жалған ақпараттарға сеніп, ереуілге салынған топтың қитұрқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы қызметтік ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды. Бірақ бізге өзара сенім және өзара диалог керек", – деді президент. 

Еске сала кетсек, екінші қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ Ақтөбе әкімдігі де наразылық білдіргендердің екі талабы – митинг барысында қамауға алынғандар босатылып, сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандатылғанын хабарлады.

Алайда халық наразылығы басылмай, адамдар алаңнан кетер емес. Керісінше Жаңаөзен мен Ақтауға өзге де өңірлер қосылып, ел тарихындағы аса ауқымды халық наразылығы болып жатыр. Қазіргі уақытта Алматыда бейресми дерек бойынша 40 мыңдай адам алаңда жүр. Наразы топ саяси талаптар қойып жатыр. Олар жүйе ауысып, Қауіпсіздік кеңесі арқылы билікке ықпал етіп отырған Нұрсұлтан Назарбаавтың үлкен саясаттан түбегейлі кеткенін қалайды.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Алматыдағы Республика алаңында бірнеше полиция көлігі өртенген. Қала орталығында гранаталардың дыбысы естіледі. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жаңаөзен Маңғыстау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір