Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндетін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді.
Үкімет мүшелері үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
2 қаңтарда Жаңаөзенде газ қымбатшылығынан басталған халық толқуы республиканың көптеген өңірлерін жаппай шарпып, кеше кешке Алматы халқы наразылыққа шыққан. Әлеуметтік мәселеден туған халық наразылығы біртіндеп саясилана түсіп, үкімет пен Н.Назарбаев отставкасы туралы талаптар қойылды.
Алматыда алаң мен көшеге шыққан ондаған мың адам арасында тәртіпсіздікке барғандар, полиция көліктерін өртеп, ғимараттарды қиратқандар да болды. Полиция адамдарды алаңнан қайтару үшін көзден жас ағызатын, даусы қатты шығатын, иісі өкпені қабатын гранаталар қолданды. Азаматтар мен полиция қақтығысынан жараланғандар бар.
Қ.Тоқаев Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында екі аптаға төтенше жағдай жариялады. Көптеген шектеу енгізілді.
Қазақстанда 2021 жылғы жаппай қымбатшылық салдарынан халық тұрмысы қатты төмендеп кетті. Елдің әр аймағында, әлеуметтік желіде дүркін-дүркін үкімет отставкасы туралы қозғалған әңгімелер, Тоқаевтан Мамин үкіметін тарату туралы белсенділер талабы билік тарапынан ескерілмей келді.
Пікір қалдыру