• USD 431.41

  • EUR 452.94

  • RUB 6.92

  • CNY 63.83

20 Мамыр, 03:32:01
Алматы
+14°

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы қаладағы тәртіпсіздік кезінде жараланған 190 адам емдеу мекемелеріне жүгінгенін хабарлады. Оның 150-і жедел жәрдем бойынша жеткізілсе, 40-ы өз өтініші бойынша барған.

"40 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 зардап шегуші жансақтау бөлімінде, оның ішінде 4 полиция қызметкері бар. Зардап шеккендер арсында 137 полиция қызметкері және 53 тұрғын бар" делінген хабарламада.

Алматыда ел тарихындағы аса ірі халық наразылығы болып жатыр. Наразылық Жаңаөзенде сұйытылған газ құнының қымбаттауына қарсы өткен митингтерге қолдау ретінде басталған. Алайда халық талабынан кейін автокөлік газы бұрындағыдай 50 теңгеден сатылатын болып шешілгеніне қарамастан халық алаңдардан тарқамады.

Олар саяси талаптар қойып, үкімет пен Н.Назарбаев отставкасын талап етті. 

Халық наразылығы Алматыда кей жерде жаппай тәртіпсіздікке ұласып, ереуілшілер бірнеше полиция көлігін өртеп, аударып тастады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір