Фото: Ашық дереккөз
Қазақстандағы болып жатқан күрделі жағдай туралы BBC, Reuters, The Guardian сияқты шетелдік ірі басылымдар жарыса жазып жатыр.
"Қазақстанда алғашында бейбіт басталған наразылық шерулерінің соңы зорлық-зомбылыққа ұласып, салдарынан кем дегенде 164 адам қаза тапты" деп хабарлады BBC.
Қазақстан президентінің кеңсесі жексенбіде 6 мыңға жуық адам қамауға алынғанын, оның ішінде көптеген шетел азаматтары бар екенін мәлімдеді.
"Шеру 2 қаңтарда сұйытылған газ бағасының қымбаттауынан басталып, артынша Қазақстанды отыз жыл бойы басқарған және әлі де елеулі ықпалын сақтап отыр деп есептелетін бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа наразылыққа ұласты. Өткен аптада Қазақстанға тәртіпті орнатуға көмектесу үшін Ресейді қамтыған бірнеше елдің әскерлері жіберілді" деп жазды BBC.
Қазақстандағы тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылыққа байланысты шетелдік баспасөздер әр түрлі сараптама жасады.
"Қазақстандық элитаның ішіндегі ықтимал қақтығыстар туралы есептер зорлық-зомбылықтың негізгі себебі болуы мүмкін" деген болжам сенімдірек сияқты" деп жазады британиялық The Guardian газеті.
Қазақстан ҰҚК басшысы, бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімов алдымен қызметінен шеттетіліп, бір апта ішінде "мемлекетке опасыздық жасады" деген күдікпен қамауға алынды. "Мәсімовтың не істегені" туралы толық мәлімет айтылмады.
The Guardian Қазақстандағы жағдай үшін "кейбір ақпарат көздері Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын тұлғалар арасындағы соңғы келіспеушіліктерді айыптады" деп жазды.
Ал, BBC "Бұл зорлық-зомбылық жағдайы Қазақстанның билеуші элитасындағы билік үшін таласпен байланысты" деген болжамдар көбейіп келеді" деген пікір айтады.
Басылым сонымен қатар, бүлікшілер Алматыны басып алуға әрекеттенгенін және қаладағы полиция бекеттерін бақылауға алуға тырысқанын, Қазақстан қауіпсіздік күштері олардың көзін жойғанын хабарлаған.
BBC президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға 20 мың террорист шабуыл жасағанын мәлімдегенін жазды. Басылым сонымен қатар Тоқаевтің қарсыласқандарға "ескертусіз оқ атуды" тапсырғанын хабарлады.
Франция "Еуропаның сыртқы істер министрлері осы аптада Қазақстандағы жағдайға жауап ретінде ықтимал шараларды қарастырады" деп мәлімдеді. Францияның Еуропа істері министрі Клемент Бон CNEWS-ке берген сұхбатында "Қазақстан билігі" Еуропа қабылдай алатын шараларды талқылау керек: халықтың, наразылық білдірушілердің, көтірілісшілердің өмір сүру құнын тәркі етіп, басып тастай алмайсыз" деді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен жексенбі күні Қазақстан президентінің нұсқауын сынға алған. "Атып өлтіру тәртібі, ол қаншалықты болса да, дұрыс емес және шешім жойылуы керек. Біз жарияланған төтенше жағдайға алаңдаймыз" деп сұхбат берді ол ABC News телеарнасына.
Оның айтуынша, АҚШ Қазақстан президентінен неліктен ресейлік әскерлердің қатысуын сұрағанын түсіндіруді де сұрап отыр.
Тағы бір жаңалық бойынша, қамауда жатқан, қатты соққыға жығылғаны бейнеленген кадрлар пайда болған қырғыз джаз музыкантының Қазақстанда ұсталуына байланысты көрші Қырғызстан Қазақстанға наразылық білдірген.
Қазақстан Викрам Рузахуновты наразылық акцияларына қатысты деп айыптап, оны мемлекеттік телеарнадан көрсеткен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір