• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 16:37:16
Алматы
+8°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының виртуалды саммитінде сөз сөйледі. Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннен шерулерді тоқтатуға көмек сұраған болатын. Ресей мен ҰҚШҰ-ның басқа да бірнеше мүшесі оған жауап ретінде әскер жіберген.

Ел тарихындағы ең ірі зорлық-зомбылық оқиғасынан кейін Тоқаев "бір орталықтан" үйлестірілген төңкеріс әрекетіне төтеп бергенін айтты.

Ол "Жақында болған наразылықтардың негізгі мақсаты – конституциялық құрылымды бұзу және билікті басып алу екені белгілі болғанын" мәлімдеді.

Ресей басшысы Путин саммитте "Әрине, біз Қазақстандағы оқиғалар мемлекеттеріміздің ішкі істеріне сырттан араласудың бірінші және соңғы әрекеті емес екенін түсінеміз" деді.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі ел бойынша 7939 адам ұсталғанын хабарлады. Дүйсенбі күні жағдайдың "тұрақталып, бақылауда" екені хабарланды.

Денсаулық сақтау министрлігі оқиға кезінде 164 адам қаза тапқанын мәлімдеген, кейінірек ол ақпаратты өздері теріске шығарды.

Дүйсенбі күні зорлық-зомбылық оқиғасының құрбандарына аза тұту күні деп жарияланды.

Наразылық шаралары мен зорлық-зомбылықты тоқтату үшін президент Тоқаев қауіпсіздік күштеріне ескертусіз оқ атуға мүмкіндік беретін бұйрық берді. Батыс елдері Тоқаевтің "ескертусіз ату" туралы бұйрығын сынға алды.

Дүйсенбі тәртіпсіздік құрбандарын аза тұту күні деп жарияланды.

Наразылықтар алғашында жанармай бағасының көтерілуіне байланысты болған. Бірақ елдегі авторитарлық билікке наразылық салдарынан бейбіт шеру күшейе түсті. Оның соңы ел тарихындағы ең ірі зорлық-зомбылық оқиғасына ұласты. 

Тоқаев оқиғаны "бір орталықтан" үйлестірілген төңкеріс әрекеті ретінде бағаласа, кейбір Батыс ақпарат құралдары оқиға туралы "Тоқаев пен Назарбаевқа жақын адамдар арасындағы шиеленіс" болуы мүмкіндігі жоғары екендігін айтады.

Ресей президенті Владимир Путин дүйсенбі күні Қазақстанды шетелдіктер қолдаған лаңкестік көтерілістен қорғауда жеңіске жеткенін мәлімдеді және басқа бұрынғы кеңестік мемлекеттердің басшыларына Мәскеу бастаған альянс оларды да қорғайтынына уәде берді.

Дүйсенбіде Қытайдың сыртқы істер министрі Бейжің Қазақстанмен "құқық қорғау және қауіпсіздік" саласындағы ынтымақтастықты арттыруға және "сыртқы күштердің араласуына қарсы тұруға көмектесуге дайын" деді.

Қытай президенті Си Цзиньпин жұма күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қытай Қазақстанды тұрақсыздандыратын кез келген шетелдік күшке табанды түрде қарсы тұратынын айтты. Қытай мемлекеттік телеарнасы "Си Цзиньпин сыртқы күштердің түрлі-түсті төңкеріс жасап жатқанын айтты" деп хабарлады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір