• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:52:57
Алматы
+12°

Президент Қ.Тоқаев мәжіліс отырысында автокөліктерге салынатын утильалымды жеке компания меншігінен алуды тапсырды.

"Қоғамда "Оператор РОП" жеке компаниясының қызметіне байланысты көптеген мәселе бар. "Оператор РОП" компаниясы утилизациялық алым жинауын тоқтатуды тапсырамын" деді президент.

Қазақстанда шетелден көлік әкелу кезінде төленетін утильалым мөлшері өте жоғары. Соның салдарынан шетелде арзан көліктер Қазақстанға әкелінгенде әжептәуір қымбаттап кетеді. Утильалымды жекеменшік "Оператор РОП" компаниясы жинайды. Компанияға Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева иелік ететіні туралы ақпарат бар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Утильалым

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір