12 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: Әлеуметтік желіден
Қазақстандық файтер Қуат Хамитовті "ОМОН" қызметкерлері соққыға жыққан. Бұл туралы спортшының анасы мәлім етті.
Желіде тараған фотода ережесіз жекпе-жек шеберінің беті жырылып, ісіп, көгеріп тұрғаны көрінеді.
Спортшының анасы бейнеүндеу жасап, ұлын түс кезінде үйінде отырған жерінен азаматтық киімдегі екі адам мен он шақты "ОМОН" қызметкері ештеңе түсіндірместен қол-аяғын қайырып, бәрінің көзінше ұрып-соғып алып кеткенін айтқан.
12 қаңтарға қараған түнгі сағат 12-лерде спортшы Қайрат Ахметов Қуат Хамитов үйінде екенін жеткізді.
Спортшыны Жаңаөзендегі митингке қолдау білдіріп, алаңға шыққаны үшін ұстаған.
Мәселеге байланысты спортшы әзірге пікір бірген жоқ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір