• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қазан, 04:48:47
Алматы
+8°

НАТО Ресейге әскери альянс қағидаттары бойынша ымыраға келмейтінін ескертті. "Еуропада жаңа қарулы қақтығыстың шығу қаупі бар" деді НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг.

Ресейдің Украина шиеленісін бәсеңдетуге қатысты негізгі қауіпсіздік талаптарын НАТО мен Америка Құрама Штаттары қабылдамады. Бірақ Мәскеумен қару-жарақты бақылау, зымырандарды орналастыру және Ресей-Батыс арасындағы әскери оқиғалардың алдын алу жолдары туралы болашақ келіссөздер мүмкіндігіне жол ашты.

Шешімдер НАТО-Ресей кеңесінің сәрсенбіде өткен отырысында қабылданды, бұл екі жылдан астам уақытта бірінші рет тіркелген жағдай. Батыс негізгі талаптарды қабылдамағанына қарамастан Ресей делегациясы келіссөздерден бас тартпағаны тараптардың келіссөздерінен үміт ұшқынын байқатты.  

Владимир Путин Украинамен қатар (НАТО одақтастары) Эстония, Латвия және Литва сияқты Ресеймен көршілес елдерден НАТО әскерлері мен әскери техникасы шығып кетуін қалайды. Путин сондай-ақ 30 елден тұратын әскери альянс басқа мүше елдерді қабылдамауға келіскенін құптайды.

Кездесу Ресей Украинаның шығыс шекарасына жақын жерде 100 000-ға жуық жауынгерлік дайын әскерін, танкі мен ауыр әскери техникасын жинағанына байланысты шақырылды.

Ресей көршісіне шабуыл жасаудың жаңа жоспарлары бар екенін жоққа шығарып, өз кезегінде Батысты оның қауіпсіздігіне қатер төндірді деп айыптайды.

Кездесуге төрағалық еткен НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО елдері мен Ресей өкілдері "диалогты қалпына келтіру және болашақ кездесулер кестесін зерттеу қажеттігін білдірді" деді.

Бірақ Столтенберг Украина туралы кез келген келіссөз оңай болмайтынын айтты. Ресей 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алып, Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдады. Содан бері ондағы шайқастар 14 мыңнан астам адамның өмірін қиды.

Столтенберг журналистерге Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко және Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фоминмен "өте байыпты және тікелей пікір алмасу" болғаннан кейін Украинаның НАТО-ға қосылу мүмкіндігіне қатысты "НАТО одақтастары мен Ресей арасында бұл мәселеде айтарлықтай қайшылықтар бар" деді.

"Еуропада жаңа қарулы қақтығыстың шығу қаупі бар" деп қосты Столтенберг.

Столтенберг Украинаның болашақ қауіпсіздік шараларын шешуге құқығы бар екенін, НАТО жаңа мүшелер қабылдауды жалғастыратынын және Путиннің әскери ұйым кеңеюін тоқтату туралы негізгі талабын қабылдамайтынын атап өтті.

"Басқа ешкімнің айтар сөзі жоқ және әрине, Ресейде вето құқығы жоқ" деді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: НАТО Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір