• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:30:53
Алматы
+8°

Ақорда сайты Мағзұм Мырзағалиев президент кеңесшісі лауазымына тағайындалғанын мәлім етті.

Мағзұм Мырзағалиев бұған дейін кей мүшелері отставкаға кеткен Асқар Мамин үкіметінің құрамында болып, энергетика министрлігін басқарған.

Қаңтардың басында Жаңаөзенде басталған халық наразылығы дәл осы Мырзағалиев жауапты болған автокөлік газының қымбаттауынан басталған. Сол кезде экс-министр газ бағасын нарық реттеп отырғанын, оны арзандату мүмкін еместігін айтқан.

Ал оның көмекшісі тіпті "халық газ қымбат болса, қоғамдық көлікпен жүрсін" деп жұрттың ашуына тиген.

Артынша, Жаңаөзен тұрғындарын республиканың өзге де аймақтары қолдай бастағанда үкімет газ бағасын 120 теңгеден 50 теңгеге дейін төмендеткен. Бүгінде ел бойынша автокөлік газының литрі 50-75 теңге аралығында сатылып жатыр.

Сондай-ақ бағаны бірден 120 теңгеге негізсіз қымбаттатқан операторларға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз:
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мағзұм Мырзағалиев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір