• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:40:37
Алматы
+35°
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың орынбасары ұсталғанын мәлім етті.
 
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы К.Қ.Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды" делінген ақпараттық хабарламада.
 
6 қаңтарда ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
 
Нұр-Сұлтан қаласының Тергеу соты Мәсімовты 2 айға қамауға алған.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мәсімов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір