• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:45:43
Алматы
+35°

Бас прокуратура президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елде орын алған тәртіпсіздіктердің барлық себептері мен егжей-тегжейлерін анықтау үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Бүгінде тергеу-жедел топтар 494 қылмыстық істі тергеп жатыр. Оның ішінде 44-і терроризм актісі, 34-і жаппай тәртіпсіздік және 15-і кісі өлтіру фактісі" делінген хабарламада.

Төтенше жағдай кезінде жасалған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс қозғау туралы 6966 хаттама толтырылған.

"4918 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1978 адам қамауға алынды. 791 адамға айыппұл салынып, 2149 адамға ескерту жасалды" деп хабарлады прокуратура.

Қылмыс жасады деген күдікпен 524 адам уақытша ұстау изоляторларына қамалған. Сот санкциясымен 412 адам қамауға алынды.

2 қаңтарда Маңғыстау  облысының тұрғындары сұйытылған газдың қымбаттауына байланысты митингке шығып, ұзамай елдің өзге өңірлерінде де халық наразылығы өткен. Бейбіт митинг түрінде басталған наразылық шараларының соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Соның салдарынан Алматы, Талдықорған қалалары қатты зардап шекті. Тәртіпсіздіктер кезінде әкімдік ғимараты өртенді, Президент резиденциясы басып алынды. Дүкендер, сауда орталықтары, банк кеңселері мен банкоматтар тоналды.

Наразылық кезінде зардап шеккендер, адам шығыны болған оқиғалардың жалпы саны жарияланбады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір