• USD 466.44

  • EUR 487.71

  • RUB 8.56

  • CNY 69.65

02 Шілде, 22:48:39
Алматы
+24°

Жаңаөзен тұрғындарына қолдау білдіру мақсатында Орал қаласында өткен бейбіт митингке шыққаны үшін қамауға алынған белгілі құқыққорғаушы Абзал Құспан бостандыққа шықты. Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында мәлім етті.

"Құрметті әріптестерім, менің және мені қолдаған басқа да жанашыр ағайын! 6 қаңтардан бастап интернетке қолым енді жетіп жатыр, Сіздердің жазғандарыңды енді оқып бастадым, бәріңізге де басымды иіп тұрып алғыс білдіремін" делінген адвокаттың желідегі жазбасында.

Абзал Құспан митингке жаңаөзендіктерді қолдау үшін және бейбіт жиында арандатушылыққа жол бермес үшін шыққанын айтқан.

Бүгінде республиканың көптеген қалаларында өткен халық наразылығына қатысқаны үшін, бейбіт жиындардан хабар таратқаны үшін бірқатар қоғам белсенділері, журналистер қамауда жатыр. Ештеңе түсіндірместен полиция қстап алып кеткен, із-түссіз жоғалғандар саны одан да көп.

Бұған дейін елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендер туралы ақпарат жиналатын бірыңғай платформа іске қосылған. "Qantar-2022" деп аталады платформадан 4-6 қаңтар күндері болған оқиғалар кезінде  қаза тапқан, ұсталған, із-түссіз жоғалып кеткен, жараланған адамдар туралы деректерді табуға немесе деректерді ұсынуға болады.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Абзал Құспан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір