• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

25 Қаңтар, 14:09:36
Алматы
-3°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай тәртіпсіздік кезінде екі мыңға жуық адам ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.

– "Қасіретті қаңтар" оқиғалары кезінде және төтенше жағдай енгізілгеннен кейін түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады, – деді президент.

Тоқаев Бас прокуратураға күдіктілердің кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырды.

– Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн, – деп жазды желіде.
 

2 қаңтарда Маңғыстау  облысының тұрғындары сұйытылған газдың қымбаттауына байланысты митингке шығып, ұзамай елдің өзге өңірлерінде де халық наразылығы өткен. Бейбіт митинг түрінде басталған наразылық шараларының соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Соның салдарынан Алматы, Талдықорған қалалары қатты зардап шекті. Тәртіпсіздіктер кезінде әкімдік ғимараты өртенді, Президент резиденциясы басып алынды. Дүкендер, сауда орталықтары, банк кеңселері мен банкоматтар тоналды.

Наразылық кезінде зардап шеккендер, адам шығыны болған оқиғалардың жалпы саны жарияланбады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір