• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қазан, 10:28:53
Алматы
+8°

"Ресей Украинаға басып кіру үшін сылтау дайындап жатыр" деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы. Телеарна ақпаратынша, Мәскеу қазірдің өзінде "жалған жалау операциясын" жүргізу үшін жедел уәкілдерді дайындап қойған. Әл-Жазира бұл ақпаратты Вашингтон мен Киевтің мәлімдемелеріне сілтеме жасап хабарлады.

Украина әскери барлау қызметінің мәліметтеріне сәйкес, Ресей арнайы қызметтері Киевті айыптау үшін Молдованың Приднестровье аймағында "арандатушылыққа" дайындалып жатыр.

Украина жұма күні Ресейді ондаған ресми сайттарға жасалған кибершабуылдың артында тұр деп айыптады. Сайттар желіге қосылудан бұрын "ең нашар жағдайға дайындалыңдар" деп ескерткен хабарлама пайда болған. Сайттардың көпшілігі бірнеше сағат ішінде қалпына келтірілген.

АҚШ пен НАТО шабуылды айыптап, Украинаға қолдау көрсетті. 

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл хабарлардың дәлелсіз және негізсіз екенін мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей Украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір