• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 07:23:40
+12°

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қызметінен босатылды. Ақпаратты облыс әкімінің баспасөз қызметі растады.

"Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев емделу үшін 30 желтоқсанда еңбек демалысын алған болатын. Қала әкімі 10 қаңтарда жұмысқа кері шақыртылып алынды. Алайда, ол келесі күні денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық парақшасын аштырды. Облыс әкімінің өкімімен Қайрат Оразбаев 14 қаңтар күні өзінің өтініші негізінде Атырау қаласы әкімі қызметінен босатылды" делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Қала әкімінің міндетін уақытша қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражанов атқарады.

Қайрат Оразбаев Атырау қаласы әкімінің қызметіне 2020 жылдың қаңтар айында тағайындалған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір