• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:17:55
Алматы
+35°

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев 2-3 қаңтар күндері өзінің туған жері Шамалған ауылында болып, сосын Қырғызстанға, артынша Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып кеткен. Бұл туралы ресейлік "Московский Комсомолец" басылымы хабарлады.

Басылым журналисіне Шамалған ауылының тұрғындары Назарбаев 2,3 қаңтар күндері туған ауылында болғанын айтқан. Тұрғындардың бірі экс-президент ата-бабасы жерленген зиратқа келеді деп, бірақ бармағанын жеткізген.

Әкімшілікте жұмыс істейтін тұрғын журналистерге Назарбаев жаңа жылдан кейін ауылына жуырда Германияда ота жасатқан інісі Болаттың жағдайын білуге келгенін айтқан. Сондай-ақ ол Назарбаев ауыл ақсақалдарымен кездескенін, артынша брондалған көліктермен қырғыз шекарасына қарай, одан ары Араб Әмірліктеріне ұшып кеткенін атап өткен.

Бұған дейін Қырғызстандық 24.kg басылымы Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев Алматыда халық наразылығы жаппай тәртіпсіздікке ұласып дүрбелең туып жатқанда Қырғызстан арқылы Дубайға ұшып кеткенін хабарлаған.

Ұзамай Назарбаевтың қызы Әлия да Дубайда екені туралы ақпарат шықты. Ол әлеуметтік желіде жазба жариялағанда құрылғысы оның Дубайда екенін көрсеткен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нұрсұлтан Назарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір