• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 06:33:20
Алматы
+8°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Самат Әбіштің қызметінен кеткені туралы бейресми ақпарат алғаш 5 қаңтарда шыққан. Алайда 14 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті алдымен Самат Әбіш қызметінде екенін, жылсайынғы демалысында жүргенін мәлім еткен. Бірақ ол жерде оның демалысқа қашан шыққаны жазылмаған.

Комитет ақпаратынан кейін әлеуметтік желіде Самат Әбіштей ұлттық қауіпсіздікке жауапты орган басшысының бірінші орынбасары елде дүрбелең болып жатқанда қалай ғана демалыста жүреді деп жазушылар болған.
 
Артынша, ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіштің демалыста екені туралы ақпаратты толықтырып, оның демалысы 13 қаңтардан басталғанын жазды.
 
Самат Әбіш Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Сатыбалды Назарбаевтың баласы.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Самат Әбіш

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір