• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:42:45
Алматы
+35°

"ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының міндетін уақытша атқарушы, басқарма төрағасы болып Сәбит Арынов тағайындалды. Ақпарат Қазақстан қор биржасының сайтында хабарланды.

"ҚазТрансОйл" АҚ Бас директорының (Басқарма төрағасының) міндеттерін уақытша атқару "ҚазТрансОйл" АҚ Бас директорының орынбасары, Басқарма мүшесі Сәбит Әбілдайұлы Арыновқа жүктелсін" делінген хабарламада.

Сәбит Арынов "ҚазТрансОйл" басшысының орынбасары лауазымына 2018 жылдың ақпан айында тағайындалған. 

Бұған дейін "ҚазТрансОйл" АҚ басқарма төрағасы Димаш Досанов қызметінен кеткен. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның күйеуі. Досановпен қатар Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаев та қызметтерінен босатылған.

Сондай-ақ бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың туысы Самат Әбішті ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатты

Сонымен қатар Тимур Құлыбаев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы қызметінен кетті. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Назарбаеваның күйеуі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір