• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:54:17
Алматы
+35°

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бүгін Еуропаға барды.

Блинкен Берлинде Германия, Ұлыбритания және Франция өкілдерімен кездесуден бұрын Киевте Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер жүргізеді.

Жұма күні ол Женевада Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездеседі.

Ресей бұған дейін көршілес Украинаға шабуыл жасау жоспарын бірнеше рет жоққа шығарған. Алайда сейсенбіде АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктері Мәскеу "кез келген сәтте" Украинаға басып кіруі мүмкін екенін айтты. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки журналистерге Ресей Украинамен шекарасына жақын жерде ондаған мың әскер жинауы "өте қауіпті жағдай" тудырғанын айтты.

Ол қақтығысты болдырмау үшін "ешқандай нұсқа тыс қалмайды" деді және "хатшы Блинкеннің баруы алда дипломатиялық жол бар екенін анық көрсетеді" деп қосты.

Аты-жөнін атамауды өтінген АҚШ мемлекеттік департаментіндегі жоғары лауазымды қызметкер Франс Пресс агенттігіне берген ақпаратқа сәйкес, Блинкен жұма күнгі келіссөздер кезінде Лавровқа дағдарыстан "дипломатиялық жолмен шығуды" ұсынбақшы.

АҚШ мемлекеттік департамент шенеуніктерінің ақпаратынша, АҚШ Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға ұмтылады.

Өткен аптада Мәскеу мен батыс елдері арасында нәтижесіз келіссөздер өткен. 

Мәскеу Украинаға басып кірсе, Ресейге үлкен зардаптар мен ауыр экономикалық шығындар тудыратын санкциялар салынуы мүмкін екені хабарланды. Вашингтон еуропалық одақтастарынан қолдау табуға тырысады деп күтілуде.

Германияның сыртқы істер министрі Анналена Баербок дүйсенбі күні Киевке сапары кезінде бұдан әрі шиеленісу "Ресей режимі үшін экономикалық, саяси және стратегиялық ауыр зардаптарға әкелетінін" мәлімдеді.

Украинаның қорғаныс министрі Алексей Резников Батыс үкіметтерін Мәскеуге дереу санкция салуға шақырды.

Ресейдің Украинаға басып кіруі қантөгіс пен Еуропа үшін босқындар дағдарысына әкелуі мүмкін екені ескертілді.

Ал, Ресей тарапы НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюін тоқтатуды талап ететін бірқатар талаптар қойды.

Дүйсенбі күні Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес Ресей Украинаға басып кіруін ақтау үшін НАТО-ны сынап, назарды аударып отырғанын айтады. Ол Путинді "этноұлтшыл" деп айыптады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір