• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:27:51
Алматы
+35°
Шетелдегі оппозиционер банкир, Қазақстанда экстремистік деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов азаматтарды қалаларда митингке шығуына байланысты Алматыда алаңдар қоршауға алынып, полиция қызметі күшейтілген режимге өтті.
 
Алматы полиция басқармасы арнайы ескерту жариялап, елде террорға қарсы операцияның жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат таратты.
 
Полиция Абылай хан көшесінің бойымен Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағытта, Төле би даңғылы бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта қозғалыс шектелетінін мәлім етті.
 
Қазіргі уақытта Алматыда ескі алаң аталып кеткен Астана алаңы аумағы қоршауға алынған. Алаң маңында полиция мен СОБР қызметкерлері көптеп жүр. Митинг орны ретінде белгіленген алаңға жақын жерде жүрген адамдардың құжаты тексеріліп жатыр.
 
Сондай-ақ Саяхат автобекеті маңында да полиция қызметі күшейген.
 
Митинг орны ретінде белгіленген жерлерде белсенділер, митингке шыққандар әрекеті байқалмайды.
 
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: митинг Аблязов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір