• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:39:42
Алматы
+35°

Белсенді, Демократиялық партия құру бойынша ынталы топ жетекшісі Жанболат Мамай полиция өзін "жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды" деген айып бойынша тергеуге алатынын мәлім етті.

"Алматы полициясынан тергеуден шықтым. 272-бап бойынша (жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру) тексеруге алмақ. Бүгін қорғаушымның денсаулығына байланысты тергеу кейінге қалдырылды. "Сіздің жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғандармен байланысыңыз бар- жоғын тексереміз" дегенді айтты. Бұл істің саяси астары болатыны анық. Көреміз биліктің қандай қадамға баратынын" делінген белсендінің әлеуметтік желідегі жазбасында.

Бұған дейін Жанболат Мамай қылмыстық кодекстің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша жауап алуға шақырылғаны хабарланған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жанболат Мамай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.